Electrolux EOC5851AOX Livre de recettes Page 17

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 28
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 16
шайқаңыз. Содан кейін үстіне жемісті салып,
бетін тегістеңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 50 минут
Сөренің орналасуы: 1
Grandmas RoastApple Cake
Құрамы:
250 г сары май
250 г қант
1 қалта ваниль шекері (шамамен 8 г)
•1 шөкім тұз
100 г марципан
•5 жұмыртқа
500 г ұн
1 қалта қопсытқыш ұнтақ (шамамен 15 г)
1 пакет зімбір дәмдеуіші (шамамен 20 г)
50 г какао ұнтағы
150 мл қызыл шарап
1,2 кг алма
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант пен тұзды
араластырғыш шараға салып, көпіршігенше
шайқаңыз. Кішкене бөліктерге бөлінген
марципанды салып, әбден араласқанша
араластырыңыз. Жұмыртқаларды бірінен
кейін бірін салып, әбден көпіршітіңіз. Қоспаға
ұнды, қопсытқыш ұнтақты, зімбір дәмдеуішін
және какао ұнтағын салыңыз. Қызыл шарап
қосып араластырыңыз. Қоспаны ас қағазы
төселген шұңғыл қалыпқа салып, бетін
тегістеңіз. Алмалардың қабығын аршып,
өзектерін тазалаңыз, қалыңдығы 0,5 см
бөліктерге бөліңіз. Қара өрік езбесі: Тіліктерді
қоспаның үстіне таратып қойып, өзектерді
қара өрік езбесімен толтырыңыз. Содан кейін
құрылғыға салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 50 минут
Сөренің орналасуы: 3
Пісіріп болғаннан кейін тортты салқындату
үшін қойыңыз және ас үй қағазын алыңыз.
Безендіргіш:
250 алма шырыны
1 қапшық мөлдір торт безендіргіш
Пісіріп болғаннан кейін тортты салқындату
үшін қойыңыз және ас үй қағазын алыңыз.
Безендіргішке алма шырынын және
қапшықтағы торт безендіргішін қосып
араластырып, торттың үстіне себіңіз.
PIZZA/PIE/BREAD
Pizza
Қамырға арналған құраластар:
14 г ашытқы
200 мл су
300 г ұн
3 г тұз
1 ас қасық өсімдік майы
Үстін безендіруге арналған құраластар:
1/2 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
(200 г)
200 г үккіштен өткізілген ірімшік
100 г салями
100 г пісірілген ветчина
150 г саңырауқұлақ (консервіленген)
150 г Фета ірімшігі
орегано
Басқа:
Пісірме табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ашытқыны шараға үгітіп салып, суға езіңіз.
Ұнға тұз сеуіп, араластырыңыз да, май құйып,
шараға салыңыз.
Шараға жабыспайтын қамыр пайда болғанша
құрамдас бөліктерді илеңіз. Содан кейін
қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған пісірме
табаққа салыңыз да, түбін шанышқымен
тесіңіз.
Үстіңгі бетінің құрамдас бөліктерін берілген
ретпен негіздің үстіне салыңыз.
Тұмшапештің ішіндегі уақыты: 25 минут
Сөренің орналасуы: 1
Onion Tart
Қамырға арналған құраластар:
300 г ұн
20 г ашытқы
125 мл сүт
•1 жұмыртқа
50 г сары май
3 г тұз
Үстін безендіруге арналған құраластар:
750 г пияз
250 г бекон
•3 жұмыртқа
ҚАЗАҚ 17
Vue de la page 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 27 28

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire