
2.5 Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Басқару панелінің
түймелерін, дисклерін
немесе тығыздағыштарын
алмаңыз. Құрылғының
ішіне су кіріп кетіп, зақым
келтіруі мүмкін.
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл
тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын
сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді
немесе металл заттарды
пайдаланбаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш
машинада жумаңыз.
2.6 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті
әкімшілік мекемеге хабарласып
алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Сыртқы газ түтіктерін
майыстырыңыз.
2.7 Сервис
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы
бөлшектерді қолданыңыз.
3. ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
3.1 Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық
ақпарат тақтайшасы пештің астыңғы
жағында орналасқан.
Үлгі .......................................
Құрылғының нөмірі
(PNC) .........................
Сериялық
нөмірі ...........................
3.2 Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс беттеріне құрастырғаннан кейін
ғана пайдаланыңыз.
3.3 Газға қосу
ЕСКЕРТУ!
Құрылғыны орнату, жалғау
мен жөндеу бойынша
төмендегі нұсқауларды
нормаларға және жергілікті
заң ережелеріне сәйкес
білікті техник қызметкерлер
іске асыруға тиіс.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес
тұрақты қосылым сымдарын немесе
тот баспайтын болатпен қапталған
иілгіш түтікті таңдаңыз. Егер иілгіш
металл түтіктерді пайдаланатын
болcаңыз, олардың жылжымалы
бөлшектерге жанаспауын немесе
қысылып қалмауын қадағалаңыз.
Сондай-ақ пешті тұмшапешке абайлап
орнатыңыз.
www.electrolux.com8
Commentaires sur ces manuels