Electrolux EVK95840AX Livre de recettes Page 17

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 24
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 16
жайыңыз да, май жағылған қайнатпа
крем табағына салып, шанышқымен
тесіңіз. Жемісті тазалаңыз, өзегін,
сүйегі мен дәндерін алып тастаңыз да,
кішкене кесектерге не тілімге бөліп,
қамырдың үстінен салыңыз. Бадамды,
жұмыртқаны, қант пен жібіген сары
майды шараға салыңыз да, шайқаңыз.
Содан кейін үстіне жемісті салып, бетін
тегістеңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
50
Сөренің орналасуы: 1
7.9 Открытый пирог из
козьего сыра:
Қамырға арналған құраластар:
125 г ұн
60 мл зәйтүн майы
1 шөкім тұз
3 - 4 ас қасық суық су
Үстін безендіруге арналған
құраластар:
1 ас қасық зәйтүн майы
2 пияз
тұз бен Перец
1 шай қасық туралған тасшөп
125 г рикотта
100 г ешкі ірімшігі
2 ас қасық зәйтүн
1 жұмыртқа
60 мл кілегей
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті,
майланған пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Шараға ұн, зәйтүн майын және тұзды
салыңыз да, нан үгітіндісіне ұқсағанша
араластырыңыз. Су қосып, қамыр
илеңіз. Қамырды бірнеше сағат
тоңазытқышқа қойыңыз. Содан кейін
қамырды жайыңыз да, майланған қара
пісірме табаққа салыңыз. Түбін
шанышқымен тесіңіз. Табаға 1 ас
қасық зәйтүн майын құйыңыз. Пиязды
аршып, жұқалап тураңыз да, қақпағын
жауып, табадағы майға 30 минуттай
қуырыңыз. Тұз бен Перец қосып, 1/2
шай қасық туралған ақжелкенмен
араластырыңыз. Пиязды аздап
суытыңыз да, қамырдың үстінен
таратып салыңыз. Содан кейін үстіне
рикотта және ешкі ірімшігін қосып,
зәйтүндерден себіңіз. Үстіне 1/2 шай
қасық туралған тасшөптен себіңіз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа мен
кілегейді қосып араластырыңыз.
Толтырманы бәліштің үстіне құйыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
45
Сөренің орналасуы: 1
7.10 Пирог с запеченными
яблоками по бабушкиному
рецепту:
Құрамы:
250 г сары май
250 г қант
1 қапшық ваниль қанты
1 шөкім тұз
100 г марципан
5 жұмыртқа
500 г ұн
1 қапшық қопсытқыш
1 қапшық имбирь наны
дәмдеуіштері
50 г какао ұнтағы
150 мл қызыл шарап
1,2 кг алма
Өрік пюресі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант пен
тұзды араластырғыш шараға салып,
көпіршігенше шайқаңыз. Марципанның
туралған бөліктерін кішкене бөліктерге
қосып, көпіршігенше шайқаңыз.
Жұмыртқаларды бір-бірден
көпіршігенше қосыңыз. Ұн, қопсытқыш
ұнтақ, зімбір наны дәмдеуіші мен какао
ұнтағын қоспаға араластырыңыз.
Қызыл шарап қосып араластырыңыз.
Қоспаны ас қағазы төселген шұңғыл
қалыпқа салып, бетін тегістеңіз.
Алмалардың қабығын аршып,
өзектерін тазалаңыз, қалыңдығы 0,5
см бөліктерге бөліңіз.
Қара өрік езбесі:
Тіліктерді қоспаның үстіне таратып
қойып, өзектерді қара өрік езбесімен
толтырыңыз. Содан кейін тұмшапешке
салыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Vue de la page 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire