Electrolux EKG51103OW Manuel d'utilisateur Page 11

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 52
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 10
8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"
тарауын қараңыз.
8.1 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолдану
0 Off (сөндірулі) қалпы Құрылғыны сөндіруге арналған.
1-8
Температура
мәндерін реттеу
Дәстүрлі тамақ пісіруге арналған температура
деңгейлерінің ауқымы.
(1 - 145 °C; 2 - 160 °C; 3 - 175 °C; 4 - 190 °C; 5 - 205 °C; 6
- 220 °C; 7 - 235 °C; 8 - 250 °C)
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған.
Тост жасау үшін.
Тұмшапештің шамы
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз
жарықтандыруға арналған. Бұл функцияны қолдану
үшін тұмшапеш шамының түймешігін басыңыз.
8.2 Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Тұмшапештің газ оттығын тұтату:
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Тұтату түймешігін басып ұстап тұрыңыз (
).
3.
Газ пештің басқару тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап ең үлкен қалпына
қойыңыз. Тетікті басып ұстап тұрыңыз.
Тұтату түймешігін босатыңыз, бірақ газ
тұмшапешінің басқару тетігін осы
қалыпта шамамен 10 секунд ұстаңыз.
Оны жалын пайда болғанша босатпаңыз.
4.
Гаш тұмшапешінің басқару тетігін қажетті
температураға қойыңыз.
Егер тұмшапештің газ оттығы от
алмаса немесе кенет сөніп қалса:
1.
Газ тұмшапештің басқару тетігін
босатып, “Off” қалпына қосыңыз
.
2.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3.
Бір минуттан кейін тұмшапештің
газ оттығын қайта тұтатып
көріңіз.
Қолдан тұтау:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3.
Сонымен бір мезгілде газ тұмшапешінің
басқару тетігін сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап, ең үлкен температураға
қойыңыз.
4.
Жалын шыққан кезде, газ тұмшапешінің
басқару тетігін ең үлкен қалыпта
шамамен 10 секунд ұстап тұрыңыз.
5.
Гаш тұмшапешінің басқару тетігін қажетті
температураға қойыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп қалғанда,
газдың берілуін тоқтатады.
8.3 Тұмшапештің оттығын сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
8.4 Грильді қолдану
Назарыңызда болсын!
Гриль жасау барысында құрылғыны назардан
тыс қалдырмаңыз. Құрылғының қол жететін
бөлшектері қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚАЗАҚ 11
Vue de la page 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 51 52

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire