
• Пісірме табақты түрпілі, жеміргіш
заттармен және ұнтақтармен
тазаламаңыз.
9.5 Диеталық тағам пісіру
ыдысын пайдаланып буға
пісіру
Тағамды пісірме табақтағы темір торға
салыңыз да, қақпағын жабыңыз.
1. Инжектор түтікшесін диеталық
тағам пісірілетін табақтағы арнайы
ұяшыққа кіргізіңіз.
2. Пісірме табақты астынан
санағанда екінші деңгейге
қойыңыз.
3. Инжектор түтікшесінің екінші ұшын
бу шығатын тесікке кіргізіңіз.
Инжектор түтікшені жаншып немесе
тұмшапештің үстіндегі қыздырғыш
элементке тигізіп алмас үшін абай
болыңыз.
4. Тұмшапешті бумен пісіру
функциясына қойыңыз.
9.6 Буға тура пісіру
Тағамды пісірме табақтың ішіне
қойылған темір торға салыңыз.
Шамалы су қосыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ыдыстың қақпағын
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Тұмшапеш жұмыс істеп
тұрғанда инжекторды
абайлап пайдаланыңыз.
Тұмшапеш ыстық тұрғанда
инжекторды әрқашан
қолғап киіп ұстаңыз. Буға
пісіру функциясын
пайдаланбайтын кезде
инжекторды тұмшапештен
үнемі алып қойыңыз.
Инжектор түтікше тағам
пісіруге арналған және
оның құрамында ешбір
зиянды зат жоқ.
1. Инжекторды (D) инжектор
түтікшесіне салыңыз (C). Екінші
ұшын бу шығатын тесікке
жалғаңыз.
www.electrolux.com22
Commentaires sur ces manuels