
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
5.1 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені алынғанша баяу тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
Бұл үлгі бүйір жақтарға қарай
қозғауға болатын жылжымалы
тартпамен жабдықталған.
5.2 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
тартпаның бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
6.1 Қалыпты жұмыс шуылы
Жұмыс істеп тұрған кезде келесі
дыбыстардың естілуі қалыпты жағдай:
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде көпіршіктенген және
сылдырлаған дыбыс шығуы мүмкін.
• Салқындатқыш сұйық жіберілген
кезде компрессордан діріл және
сылдырдың дыбысы естіледі.
• Қызудың әсерінен пайда болатын
дилатацияға (табиғи және қауіпті
емес физикалық құбылыс)
байланысты құрылғының ішінде
кенет пайда болатын сырт-сырт
еткен дыбыс.
• Компрессор қосылғанда немесе
сөндірілгенде температураны
реттегіштен әлсіз дыбыс естілуі
мүмкін.
6.2 Қуатты үнемдеуге
арналған кеңестер
• Егер аса қажет болмаса есікті жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз.
6.3 Жаңа тағамды тоңазытуға
қатысты ақыл-кеңес
• Жылы тағамды немесе буы
бұрқырап тұрған сұйықтарды
тоңазытқышқа қоймаңыз.
• Әсіресе иісі күшті шығатын
тағамдардың бетін жабыңыз
немесе орап қойыңыз.
• Тағамдарды ауа еркін айнала
алатын етіп орналастырыңыз.
6.4 Тоңазытуға қатысты ақыл-
кеңес
Пайдалы кеңес:
ҚАЗАҚ 21
Commentaires sur ces manuels