
Электр желісіне қосылым -
Кернеу - Жалпы қуат -
Сақтандырғыш
Құрылғыны электр желісіне қосу туралы мәлімет, жуғыш
есігінің ішкі бетінің шетіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында берілген.
Құйылатын судың қысымы Минимум 0,5 бар (0,05 MПa)
Максимум 8 бар (0,8 MПa)
Сыйымдылығы Орын параметрлері 9
Орнату
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
ашаның розеткадан алынып
тұрғанын тексеріп барып орнатыңыз.
Өте маңызды! Құрылғыны нұсқауларды
орындай отырып кіріктіріп орнатыңыз:
• Құрылғыны кіріктіріп орнатыңыз.
• Шкафтың қабырғасын орнатыңыз.
• Су құятын және төгетін жүйеге
қосыңыз.
Құрылғыны жиһаз астына орнату (ас үй
үстелі не раковина)
Жөндеу жұмысын жүзеге асыру қажет
болса, құрылғыға арнайы маманның
қолы оңай жетуге тиіс.
Құрылғыны су құятын шүмек пен суды
төгетін құбырлардың қасына
орналастырыңыз.
Ыдыс жуғышты су құятын, төгетін жүйеге
және электр желісіне қосу үшін тек
осыларға ғана арналған тесіктерді тесіп
жасау керек.
Ыдыс жуғыштың биіктікті реттеуге
арналған өзгермелі сирақтары бар.
Машинаны кіріктіріп орнатқан кезде су
құятын, төгетін түтікшелері мен электр
желісіне қосатын сымының шиеленісіп
не жаншылып қалмағанын тексеріңіз.
Құрылғыны іргелес заттарға жанастыра
орналастыру
Астына құрылғы орнатылатын шкаф
конструкциясының (іргелес құрылғылар,
шкафтар,қабырға)берік
жасалғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғы деңгейін лайықтап орнату
Құрылғының есікке өте жақын әрі еш
саңылаусыз орнатылуын қамтамасыз
етіңіз. Деңгейі дұрыс орнатылған
құрылғының есігі шкаф қабырғасына
соғылмайды. Есік дұрыс жабылмаса,
өзгертпелі сирақтарды босату не қатайту
арқылы машинаның деңгейін реттеп
қойыңыз.
Суға қосу
Су құятын түтікше
Құрылғыны ыстық (макс. 60°) немесе
суық суға қосуға болады.
Егер ыстық су қоршаған ортаға зияны
жоқ басқа қуат көздерінен (мысалы күн
көзінің қуатынан, фотоэлектрлі панель
не жел қуатынан)алынса, қуат шығынын
азайту үшін ыстық суды пайдалануды
ұсынамыз.
Су құятын түтікшені сыртқы резьбасы 3/4
дюйм болатын су шүмегіне қосыңыз.
Сақтандыру туралы ескерту! Ескі
құрылғылардың қосылым
түтікшелерін пайдаланбаңыз.
Су қысымы көрсетілген шектерден
аспауға тиіс ("Техникалық деректер"
тарауын қараңыз). Жергілікті су
басқармасынан тұратын жеріңіздегі
құбырлардың орташа қысымын беруін
талап етіңіз.
Су құятын түтікшенің еш жерінің
түйнектелмей, не жаншылып не болмаса
шиеленіспей тұрғандығын тексеріңіз.
Су жылыстап ағып кетпес үшін
контргайканы дұрыс орнатыңыз.
20 electrolux
Commentaires sur ces manuels