Electrolux ESL46010 Manuel d'utilisateur Page 8

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 84
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 7
Электронды жолмен баптау
Ыдыс жуғыш машинаның зауытта
орнатылған деңгейі - 5.
1. Құрылғыны қосыңыз.
2. Құрылғының параметрлерді орнату
режимінде тұрғанын тексеріңіз.
3. B және C функция түймешіктерін A, B
және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары жыпылықтай
бастағанша басып ұстап тұрыңыз.
4. B және C функция түймешігін
босатыңыз.
5. A функция түймешігін басыңыз.
B және C функция түймешіктерінің
анықтағыш шамдары өшеді.
A функция түймешігінің анықтағыш
шамы жыпылықтауын
жалғастырады.
Сандық бейнебетте ағымдық
деңгей пайда болады.
Дыбысты сигналды естисіз.
Мысалы: сандық бейнебетте
/ 5
үзік-үзік дыбысты сигнал = 5-ші
деңгей көрсетіледі.
6. Су жұмсартқыштың деңгейін бір
сатыға көтеру үшін A түймешігін бір
рет басыңыз.
7. Амалды құрылғы жадына енгізу үшін
қосу/өшіру түймешігін басыңыз.
Ыдыс жуғыш машинасы үшін арналған
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғыш машина тұзын
қолданыңыз. Ыдыс жуғыш машинаға
арналмаған тұздар су
жұмсартқышқа нұқсан келтіреді.
Сақтандыру туралы ескерту! Тұз
түйірлері мен машина түбіндегі
тұзды су машинаны тоттандырады.
Машинаны тоттандырмау үшін
тұзды тұз сауытына жуу
бағдарламасын бастамай тұрып
салыңыз.
Тұз сауытын толтыру үшін мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Тұз сауытын ашу үшін қақпағын сағат
бағытына қарсы бұраңыз.
2. Тұз сауытына 1 литр су құйыңыз(тек
ең алғаш іске қосқанда).
3. Тұз сауытына тұз салу үшін құйғышты
пайдаланыңыз.
4. Тұз сауытының ернеуінің
айналасындағы тұздарды тазалап
алыңыз.
5. Тұз сауытын жабу үшін қақпағын
сағат бағыты бойынша бұраңыз.
Сауытқа тұз салған кезде судың тұз
сауытынан асып төгіліп кетуі
қалыпты жағдай.
Су жұмсартқыштың деңгейін электронды
тәсілмен 1-ге қойғанда тұзды
анықтайтын шам жанып тұрмайды.
Шаю бұйымдары
Сақтандыру туралы ескерту! Тек
ыдыс жуғышқа арналған фирмалық
шайғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
8 electrolux
Vue de la page 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 83 84

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire