
Дұрыс жұмыс істемеу Ықтимал себебі/Шешімі
Құрылғы іске
қосылмай тұр:
Қуат ашасы розеткаға дұрыс сұғылмаған.
• Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
• Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
• Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Бағдарлама таңдау тетігі дұрыс қалыпқа қойылмаған және 8
түймешігі басылмаған.
• Таңдау тетігін бұраңыз да, 8 түймешігін қайтадан басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы таңдалған.
• Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
біржола тоқтатыңыз.
Бала қауіпсіздігі құралы іске қосулы.
• Бала қауіпсіздігі құралын ажыратыңыз.
Құрылғыға су
құйылады да, дереу
ағып кетеді:
Су төгетін түтіктің ұшы тым төмен орналасқан.
• "Орнату" тарауындағы «Суды төгу» бөлімінің тиісті тармағын
қараңыз.
Құрылғының суы
төгілмейді және/
немесе ол
айналдырмайды:
Аяқталғанда су әлі де машина ішінде қалатын немесе айналдыру
циклдары орындалмайтын функция не бағдарлама таңдалған.
• Суды төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Еденге су аққан:
Жуғыш зат тым көп не жарамайтын жуғыш зат (тым көп көбік
пайда болады) қолданылған.
• Жуғыш заттың мөлшерін азйтыңыз не басқа жуғыш затты
пайдаланыңыз.
Су құятын түтіктің жалғастырғыштарының бірінен су ақпай
тұрғанын тексеріңіз. Су түтік арқылы төмен қарай ағатындықтан,
мұны көру оңай бола бермейді; оның дымқыл болмауын тексеріңіз.
• Су құятын түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін немесе құятын түтік бүлінген.
• Оның орнына жаңасын салыңыз.
Есік ашылмайды:
Бағдарлама әлі жұмыс істеп тұр.
• Жуу циклы аяқталғанша күтіңіз.
Есіктің бұғаты ағытылған жоқ.
• Есіктің бұғаты босағанша күтіңіз.
Барабанның ішінде су бар.
• Суды төгу үшін төгу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Құрылғы шуыл
шығарып дірілдейді:
Тасымалдау бұрандалары мен орам материалдары алынбаған.
• Құрылғының дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Құрылғының деңгейі дұрысталмаған.
• Аяқтарын реттеңіз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
Барабандағы кірдің көлемі тым аз болуы мүмкін.
• Кірді көбірек салыңыз.
30 electrolux
Commentaires sur ces manuels