Electrolux EVY97800AX Manuel d'utilisateur Page 14

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 44
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 13
Эко функциялары - "Қыздыру
функциялары" тарауын қараңыз (таңдалған
үлгілерде ғана).
Эко функцияларды пайдаланғанда, шам
сөнеді.
белгісін 3 секунд түрткен кезде
шам қайта жанады.
7. МИКРОТОЛҚЫН РЕЖИМІ
7.1 Микротолқынды пеш
Жұмысқа қатысты ақпарат
Жалпы:
Құрылғыны сөндіргеннен кейін, тағамды
бірнеше минут қоя тұрыңыз ("Микротолқын
кестелері: қоя тұру уақыты" тарауын
қараңыз).
Алюминий қағаздан жасалған орамды,
темір сауыттарды т.с.с. тағам дайындар
алдында алыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды микротолқынға
сай келетін материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз келсе ғана,
қақпақ жаппай пісіріңіз.
Қуат және уақыт параметрлерін тым
жоғары мәнге қойып, тағамды қатты
пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп немесе оның
кей жерлері жанып кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны және
шырыштарды қабығымен пісіру үшін
пайдаланбаңыз, себебі жарылып кетуі
мүмкін. Жұмыртқаны қуыру үшін әуелі
сарысын тесіп алыңыз.
"Терісі" немесе "қабығы" бар картоп,
қызанақ, шұжық тәрізді тағамдарды,
жарылып кетпес үшін бірнеше рет
шанышқымен тесіп алғаннан кейін пісіріңіз.
Тоңазытылған немесе мұздатылған
тағамдарды пісіру үшін ұзағырақ пісіру
уақытын орнатыңыз.
Тұздығы бар тағамдарды ара-тұра
араластыру керек.
Сәбіз, бұршақ немесе орамжапырақ тәрізді
тығыз тағамдарды суға салып пісіру керек.
Үлкен кесектерді пісіру уақытының
жартысы өткенде аударыңыз.
Егер мүмкін болса, көкөністерді кішкенелеп
тураңыз.
Жалпақ, кең ыдыстарды қолданыңыз.
Фарфор, керамика немесе балшықтан
жасалған мысалы, сабында кішкене тесігі
бар немесе түбі безендірілмеген
ыдыстарды қолданбаңыз. Осы тесікке
енетін ылғал қызған ыдысты жарып жіберуі
мүмкін.
Етті, құстың етін, балықты жібіту:
Мұздатылған, оралмаған тағамды, жібіген
кезде сөлі ағып кетуі үшін сауыттың үстіне
аударылып қойылған табақтың үстіне
немесе жібітуге арналған тордың үстіне
немесе пластик сүзгіге салыңыз.
Жібіту уақытының жартысы өткен кезде
тағамды аударыңыз. Егер мүмкін болса,
жіби бастаған бөліктерін бөліңіз де, содан
кейін алып қойыңыз.
Сары майды, торттың тілімдерін, кваркты
жібіту:
Құрылғының ішіне қойып әбден жібітпеңіз,
бөлме температурасында жібітіңіз. Сонда
барынша біркелкі жібиді. Жібіту алдында
темір немесе алюминий орамдарын немесе
бөліктерін әбден алыңыз.
Жеміс-көкөністерді жібіту:
Пісірмей дайындалатын жемістер мен
көкөністерді құрылғыда әбден жібітпеңіз.
Бөлме температурасында жібітіңіз.
Жемістер мен көкөністерді алдын ала
жібітпей пісіру үшін жоғарырақ микротолқын
қуатын пайдалануға болады.
Дайын тағамдар:
Металл орамы бар немесе металл
қақпақпен жабылып, пластик табаққа
салынған дайын тағамдарды, осы
материалдарды микротолқынды пеште
қолдануға болатыны арнайы көрсетілсе
ғана, микротолқынды пеште жібітуге
немесе қыздыруға болады.
Орам материалында көрсетілген өндіруші
нұсқауларын (мысалы, металл қақпақты
алу және пластик таспаны тесу) міндетті
түрде орындау керек.
14
www.electrolux.com
Vue de la page 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 43 44

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire