
температурасының 0°C градустан
жоғары екендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны температурасы қалыпты
бөлме ішінде ғана қолдану және сақтау
керек. Мұз қату салдарынан болған
ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Кейбір мәселелер қарапайым жөндеу
жұмыстары орындалмағандықтан не
немқұрайлықтан туындайтындықтан,
оларды арнайы маманды шақырмай-ақ
оңай шешуге болады. Жергілікті қызмет
көрсету орталығына хабарласпас бұрын
төмендегі тексерулерді орындап
шығыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде Соңы
сигнал шамы жыпылықтап, машинаның
жұмыс жасамай тұрғандығын көрсетуі
мүмкін:
• 1 рет жыпылықтау:суды құюға
қатысты ақаулық.
• 2 рет жыпылықтау: суды сарқуға
қатысты ақаулық.
• 4 рет жыпылықтау: есік ашық.
Ақаулықты түзеткен соң БАСТАУ
түймешігін басып бағдарламаны қайта
бастаңыз. Осы тексерулерден соң
ақаулық қайта орын алса, жергілікті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақаулық Мүмкін себебі/Шешімі
Машина іске қосылмай тұр:
Есік жабылған жоқ.
• Есікті нығыздап жабыңыз.
Аша розеткаға дұрыс сұғылған жоқ.
• Ашаны розеткаға сұғыңыз.
Розеткада электр қуаты жоқ.
• Үйдегі электр желісін тексеріңіз.
Негізгі сақтандырғыш жанып кеткен.
• Сақтандырғышты ауыстырыңыз.
Таңдағыш түймеше дұрыс орынға қойылған жоқ және
"Бастау" түймешігі басылған жоқ.
• Түймешені бұраңыз да, "Бастау" түймешігін қайта
басыңыз.
Кідіртіп бастау функциясы таңдалған.
• Кірді дереу жуу қажет болса, кешіктіріп бастау функциясын
болдырмаңыз.
Машинаға су толмай тұр:
Судың шүмегі жабық.
• Судың шүмегін ашыңыз.
Су құятын түтікше басылып не жаншылып қалған.
• Су құятын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтікшедегі сүзгі бітеліп қалған.
• Су құятын түтікшенің сүзгісін тазалаңыз.
Есік дұрыс жабылған жоқ.
• Есікті нығыздап жабыңыз.
Машинаға су толады да,
содан соң тез сарқылып
қалады:
Суды сарқитын түтікшенің ұшы тым төмен орналасқан.
• "Орнату" тарауындағы тиісті параграфты қараңыз.
Машинаның суы
сарқылмайды және/не ол
айналмайды:
Суды сарқитын түтікше басылып не жаншылып қалған.
• Суды сарқитын түтікше қосылымын тексеріңіз.
Аяқталғанда суы әлі де машина ішінде қалатын не ешбір
айналдыру кезеңі жоқ функция не бағдарлама таңдалған.
• Суды сарқу не айналдыру бағдарламасын таңдаңыз.
Кір барабанның ішіне біркелкі таратылып салынбаған.
• Кірді таратып салыңыз.
electrolux 17
Commentaires sur ces manuels