Electrolux EKG61300OX Manuel d'utilisateur Page 11

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 88
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 10
8.1 Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы Қолдану
OFF (сөндірулі)
қалпы
Құрылғы сөндірулі.
1-8
Температура
мәндерін реттеу
Тұмшапеш температураларының ауқымы (1 - 135 °C, 2 - 150
°C, 3 - 165 °C, 4 - 180 °C, 5 - 195 °C, 6 - 210 °C, 7 - 230 °C, 8 -
250 °C).
Гриль
Жайпақ тағамды грильдің ортасында қақтауға арналған. Тост
жасауға арналған.
Назарыңызда болсын!
Өндіруші сізге газ тұмшапешін пайдаланған кезде
электрлі грильді пайдаланбауды ұсынады.
Бұл функцияға арналған ең үлкен температура: 210
°C.
Тұмшапештің
шамы
Тұмшапештің ішін пісіру функциясынсыз жарықтандыруға
арналған. Осы функцияны қолдану үшін тетікті тұмшапеш
шамының белгішесіне бұраңыз.
Бұрылмалы істік
Қуырылып жатқан етті айналдыру үшін. Осы функцияны
қолдану үшін тетікті бұрылмалы істік белгішесіне бұраңыз.
8.2 Қауіпсіздік термоэлементі
Қауіпсіздік термоэлементі жұмыс
істеп тұрған термоэлементті
ажыратуға арналған.
Шектен тыс қызып кету салдарынан
тұмшапештің термоэлементіне зақым келмеу
үшін, тұмшапеш тоқты үзетін қауіпсіздік
термоэлементімен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автомтты түрде іске қосылады.
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік термоэлементі
тұмшапештің термоэлементі дұрыс
жұмыс істемесе ғана іске қосылады.
Бұндай жағдай орын алған кезде
тұмшапештің температурасы өте
жоғары болады және барлық тағамды
күйгізіп жібереді. Термоэлементті
ауыстырту үшін қызмет көрсету
орталығына дереу хабарласу керек.
8.3 Газ тұмшапеште тамақ пісіру
Газ пештің оттығын тұтату:
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз. Есіктің
өздігінен ашылып қалуына жол бермеңіз -
есікті әбден ашылғанша тұтқасынан
сүйемелдеп ұстап тұру керек.
Тұмшапештің оттығын жаққан кезде
тұмшапештің есігін ашық ұстау керек.
2.
Қақпақтың ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапешті пайдаланған кезде қатты
қызып кетпес үшін қақпақты ашып қою
керек.
3.
Тұмшапеш функцияларын басқару тетігін
басып, ең жоғары мәнге қойыңыз. Оны
шамамен 15 секунд басып тұрыңыз. Оны
жалын пайда болғанша босатпаңыз.
Тетікті басқан кезде от тұтатқыш
автоматты түрде іске қосылады.
Егер оттық от алмаса немесе кенет
сөніп қалса:
1.
Тетікті босатып, "off" қалпына
қойыңыз.
2.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
3.
Бір минуттан кейін, оттықты
қайта тұтатып көріңіз.
Қолдан тұтау:
Электр қуаты уақытша үзіліп қалса.
1.
Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2.
Отты тұмшапеш ішінің түбіндегі тесіктің
жанында ұстап тұрыңыз.
3.
Осы кезде тұмшапештің
функцияларының тетігін басып, сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап ең үлкен
мәнге қойыңыз.
ҚАЗАҚ 11
Vue de la page 10
1 2 ... 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 ... 87 88

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire