Electrolux EKG61300OX Manuel d'utilisateur Page 15

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 88
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 14
6.
Бұрылмалы істіктің алдыңғы жағын
тіректің ілгегіне салыңыз.
7.
Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
8.
Қуыру табағын ең астыңғы сөре
деңгейіне қойыңыз.
9.
Гриль оттығын жағыңыз. "Грильді
қолдану" тарауын қараңыз.
10.
Бұрылмалы істіктің тетігін қалпына
бұраңыз. Бұрылмалы істіктің
айналатынына көз жеткізіңіз.
11.
Ет қуырылғаннан кейін тетіктерді Off
қалпына қойыңыз.
12.
Бұрылмалы істіктің ұстағышын салыңыз.
13.
Бұрылмалы істік пен қуырма табақты
тұмшапештен абайлап алыңыз.
Бұрылмалы істікке ең көбі 4-5 кг
тағам салуға болады.
10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Сақтандыру туралы ескерту!
Өте сулы қоспадан жасалған тортты
пісіру үшін шұңғыл табақты
қолданыңыз. Жемістің шырыны
эмаль қаптамаға кетпейтін дақ
қалдыруы мүмкін.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар.
Сөре қатарлары құрылғының астыңғы
жағынан бастап саналады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің
шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті әрқашан
артқа шегініп барып ашыңыз. Бу аз
жиналуы үшін тамақ пісірер алдында пешті
10 минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін
ылғал жерлерін сүртіп отырыңыз.
Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісірген кезде
құрылғының бөлшектерін алюминий
фольгамен жаппаңыз. Бұл пісіру
нәтижесіне әсер етіп, пештің эмаль
қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
10.1 Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут
қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше
пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасындағы бір
қатарды ашық қалдырыңыз.
10.2 Балық пен етті пісіру
Салмағы 1 кг-нан аз етті пісірмеңіз. Етті
тым аз мөлшерде пісіргенде, ол тым құрғақ
болып піседі.
Өте майлы тағамды пісірген кезде, пеште
кетпейтін дақ қалып қоймас үшін май
жинайтын табаны қолданыңыз.
Еттің сөлі ағып кетпес үшін, оны турамай
тұрып 15 минуттай қоя тұрыңыз.
Тағамды қуырған кезде пештің іші қатты
түтіндеп кетпес үшін, май жинағыш табаға
аздап су құйыңыз. Түтін жиналып қалмас
үшін суы сарқылған сайын үстінен су құйып
отырыңыз.
10.3 Пісіру уақыттары
Пісіру уақыты тағамның түріне, құрылымына
және мөлшеріне байланысты.
Бастапқы кезде, тағамның қалай пісірілетініне
назар аударыңыз. Осы құрылғыны қолданған
кезде, ыдысқа, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне барынша сай келетін
параметрлерді (қызу параметрі, пісіру уақыты
т.с.с.) табыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Vue de la page 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 87 88

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire