
13.4 Металл емес иілгіш түтіктер
қосылымы
Егер газ қосылымын түгелдей оңай басқаруға
мүмкіндік бар болса, иілгіш түтікті
пайдалануға болады. Иілгіш түтікті
қапсырмалардың көмегімен мықтап бекіту
керек.
Түтік ұстағышты пайдаланып орнатыңыз.
Түтік ұстағышты тығыздағышқа мықтап
орнатып, содан кейін газ қосылымын
орнатуды жалғастырыңыз. Иілгіш түтік мына
жағдайда дұрыс орнатылады:
– Бөлме температурасынан немесе 30 °C
градустан артық қызбаса.
– Ұзындығы 1500 мм-ден аспаса.
– Сығымдалмаса.
– Тартып не бұрап майыстыруға болмаса.
– Өткір жиектерге немесе бұрыштарға
тимесе.
– Түтіктің күйін тексеру үшін оны оңай қарап
шығу мүмкіндігі болса.
Иілгіш түтікті сақтау үшін мына жағдайларды
мезгіл-мезгіл тексеріп тұру керек:
– Екі ұшында және ұзына бойында жарылған,
кесілген, күйген жерлер болмауға тиіс;
– Материал дұрыс иілетін және қатаймайтын
болуға тиіс.
– Бекіткіш қапсырмаларын тот баспай тұруға
тиіс;
– Жарамдылық мерзімі өтіп кетпеген болуға
тиіс.
Егер бір немесе бірнеше ақауы бары
байқалса түтікті жөндемей, ауыстыру керек.
Әбден орнатып болғаннан кейін
сабынды суды пайдаланып, от
жалынын пайдаланбай, түтік
фитинглерінің берік нығыздалып
салынғанын тексеріңіз.
Газбен жабдықтау бағыттауышы басқару
панелінің артында орналасқан.
Назарыңызда болсын!
Газды жалғар алдында ашаны
розеткадан ағытыңыз немесе
сақтандырғыш қорапшасындағы
сақтандырғышты сөндіріңіз. Газбен
жабдықтау клапанын жабыңыз.
ABC
DE
A)
Газ жүйесіне жалғанатын жер
(құрылғының тек бір жерін ғана газға
жалғауға болады)
B)
Тығыздағыш
C)
Реттемелі қосылым
D)
Табиғи газға арналған түтік ұстатқыш
E)
Сұйылтылған газға арналған түтік
ұстатқыш
Құрылғыға әдепкі газ параметрлері
орнатылған, параметрді өзгерту үшін
тізімнен түтік ұстатқышты таңдаңыз.
Әрқашан тығыздағышты қолданыңыз
13.5 Пешті газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Назарыңызда болсын!
Пешті газдың басқа түріне сай
лайықтау жұмысын тек өкілетті
маманға ғана тапсырыңыз.
Бұл құрылғы табиғи газбен жұмыс
істеуге арналған.
Дұрыс инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да қолдануға
болады.
Назарыңызда болсын!
Инжекторларды ауыстырмай тұрып,
газ тетіктерінің Off қалпында
тұрғанына және құрылғының тоқтан
ағытылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы әбден суығанша күтіңіз.
Жарақат алу қаупі бар.
13.6 Инжекторларды ауыстыру
1.
Таба тағандарын алыңыз.
2.
Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3.
7-ші сомынкілттің көмегімен
инжекторларды алыңыз да, өзіңіз
ҚАЗАҚ 25
Commentaires sur ces manuels