
Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
Мазмұны
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар 59
Бұйым сипаттамасы 62
Бірінші қолданғанға дейін 62
Пештің үсті - Күнделікті қолдану 63
Әркүндік қолдану 65
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес 67
Пеш - Пайдалы ақыл-кеңес 69
Тамақ пісіру панелі 70
Пештің үсті - Күтім көрсету және
тазалау 72
Пеш - Күтім көрсету және тазалау 72
Не істерсіңіз, егер... 75
Орнату 77
Құрылғыны тастау 77
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мен
құрылғыны дұрыс іске қосу үшін, оны
орнатып, іске қоспас бұрын аталмыш
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де
осы нұсқаулық құрылғымен бірге
болсын. Құрылғыны пайдаланатын
адамдар оның қауіпсіздік функциялары
мен іске қосу жолдарын толық білуге тиіс.
Өндіруші құрылғыны теріс орнату мен
қолдануға байланысты туындаған
ақаулықтар үшін жауапкершілік
көтермейді.
Балалар мен әлсіз адамдардың
қауіпсіздігін сақтау
• Бұл құрылғыны жасы 8-ге толған және
одан асқан балалар мен
физиологиялық, сезімдік не болмаса
ақыл-ой деңгейіне не пеш жұмысына
қатысты тәжірибесі мен білімі аз
адамдар, өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның қадағалауымен,
құрылғыны іске қосу туралы ерекше
нұсқау алып, қатерлі жағдайлардан
хабардар болғаннан кейін ғана
пайдалануға тиіс. Балалар
құрылғымен ойнамауға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз. Тұншығып қалу қаупі бар.
• Балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Жарақат алу немесе мүгедектікке
апарып соқтыратын жағдайлар орын
алуы мүмкін.
•Құрылғыда бекітпені іске қосатын
немесе бекітетін құрал болса, оны
қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен
үй жануарларының құрылғыны
байқаусызда қосып қоюына жол
бермейді.
Қауіпсіздікке қатысты жалпы нұсқаулар
• Бұл өнімді өзгертуге не оның
техникалық сипаттарына өзгеріс
енгізуге болмайды. Жарақат алу
немесе құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
бар.
• Құрылғыны ең алғаш іске қоспас бұрын
орам материалдарының,
жапсырмалары мен төсем
материалдарының барлығын алыңыз.
• Пісіру алаңдарын әр қолданып болған
сайын "off" қалпына қойыңыз.
Қолданылуы
• Бұл құрылғы тек үйде тағам пісіруге
ғана арналып шығарылған.
• Құрылғының үстін жұмыс алаңына не
зат сақтайтын орынға
айналдырмаңыз.
• Қосылып тұрған құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз. Өрт шыққан жағдайда
құрылғыны сөндіріңіз. Өртті кәстрөл
қақпағымен сөндіріңіз, оны ешқашан
сумен сөндіруге болмайды.
electrolux 59
Commentaires sur ces manuels