
Сөрені сөре бағыттағыштардың
арасына салыңыз. Қос шетін
тұмшапештің артқы жағына жіберіп,
жоғары қаратып қою керек.
Науа:
Пісірме табақты корпустың
артқы қабырғасына
тигенше итермеңіз. Себебі
бұлай істегенде табақтың
айналасына қызу келуге
кедергі жасайды.
Тағамның әсіресе
табақтың артқы жағындағы
бөлігі күйіп қалуы мүмкін.
Науаны немесе шұңғыл табаны сөре
сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салыңыз. Тұмшапештің артқы
қабырғасына тимей тұрғанына көз
жеткізіңіз.
11. ТҰМШАПЕШ - АҚЫЛ-КЕҢЕС
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
11.1 Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған
төрт деңгейі бар. Сөренің
деңгейлерін құрылғының астыңғы
жағынан бастап санаңыз.
• Құрылғы ауа айналдыратын және
буды үздіксіз қайта айналдырып
отыратын арнайы жүйемен
жабдықталған. Бұл жүйенің
көмегімен тағамды булы ортада,
ішін жұмсақ, сыртын кітірлек етіп
пісіруге болады. Бұл пісіру уақыты
мен пайдаланылатын қуат
мөлшерін барынша азайтады.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің
шыны панельдеріне бу тұруы
мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Тағам
пісіріп жатқанда құрылғының есігін
ашу қажет болса, әрқашан артқа
шегініңіз. Буды азайту үшін
құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған
сайын ылғалды жерлерін
тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз және тағам пісіріп
жатқан кезде құрылғының ешбір
бөлшектерін алюминий
жұқалтырмен жаппаңыз. Себебі
пісіру нәтижесіне әсер етіп, пештің
эмаль қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
11.2 Пісіру
• Тұмшапешіңіз бұрыңғы
құрылғыңызға қарағанда басқаша
пісіруі немесе қуыруы мүмкін.
Әдетте қолданатын
параметрлеріңізді (температура,
ҚАЗАҚ 15
Commentaires sur ces manuels