
2.6 Пиролитпен тазалау
Пиролит режимінде
Жарақат алу / Өрт /
Химиялық заттардың
бөлінуі (Түтін) қаупі бар.
• Пиролит функциясымен өздігінен
тазалау немесе Ең алғаш рет
қолданар алдында тұмшапештен
келесі заттарды алыңыз:
– тағам қалдықтарын, май немесе
тоңмай шашырандыларын /
жиналған қоқыстарды.
– алмалы керек-жарақтарды
(соның ішінде, құрылғымен
бірге жеткізілген сөрелерді,
сырғытпа жолдарды т.с.с.), зат
жабыспайтын қаптамасы бар
табаларды, науаларды,
ыдыстарды, т.с.с.
• Пиролитпен тазалау нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
• Пиролитпен тазалау функциясы
жұмыс істеп тұрғанда балаларды
құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Құрылғы қатты қызып кетеді және
алдыңғы салқындатқыш
тесіктерден ыстық ауа шығады.
• Пиролитпен тазалау жоғары
температурада іске асырылады
және тағам қалдықтарынан,
қолданылған материалдардан
қатты иіс шығуы мүмкін, сондықтан
да пайдаланушыларға келесі
жағдайларды ерекше ескертеміз:
– пиролитпен тазалау барысында
және тазалап болғаннан кейін
үнемі жақсы желдетіңіз.
– ең алғаш рет қолданғанда және
қолданып болғаннан кейін
жоғары температураға қойып
жақсылап желдетіңіз.
• Кейбір құстар мен бауырымен
жорғалаушылар тұмшапештерді
Пиролитпен тазалау барысында
бөлінетін түтіндердің барлығына
адамдарға қарағанда ерекше
сезімтал келеді.
– Пиролитпен тазалау барысында
және тазалап болғаннан кейін
үй жануарларын (әсіресе
құстарды) құрылғының қасынан
алыңыз және жақсы
желдетілген жерде әуелі ең
жоғары температураға қойыңыз.
• Кішкене үй жануарлары да
Пиролитпен өздігінен тазалау
бағдарламасы қосылып тұрғанда,
Пиролит тұмшапештерінің
қасындағы температураның
өзгерісіне өте сезімтал келеді.
• Кәстрөлдердің, табалардың,
науалардың, ыдыстардың т.с.с. зат
жабыспайтын қаптамасы барлық
Пиролит тұмшапештерінің жоғары
температурада Пиролитпен тазалау
бағдарламасы жұмыс істеп тұрған
кезде бүлініп қалуы және олардан
аздаған зиянды түтіндер бөлінуі
мүмкін.
• Пиролит тұмшапештерінен / Тағам
қалдықтарынан бөлінген, жоғарыда
сипатталған түтіндердің адамдарға,
соның ішінде жас балалар мен
дәрігердің бақылауындағы
адамдарға зияны жоқ.
2.7 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Электр қатеріне ұшырау
қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай
келетін шамдарды ғана
қолданыңыз.
2.8 Құрылғыны тастау
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан
электр сымын кесіп, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар немесе үй жануарлары
барабанға қамалып қалмас үшін
есіктің бекітпесін алыңыз.
ҚАЗАҚ 7
Commentaires sur ces manuels