
ЕСКЕРТУ!
Машинаны ешқашан
басқару панелінен, есігінен
немесе жуғыш зат
үлестіргішінен ұстап
көтеруге болмайды.
3.3 Орналастыру
Машинаны тегіс, қатты еденге
орнатыңыз. Машинаның айналасында
ауа алмасып тұруға кілемдер,
сүрткіштер т.с.с. кедергі жасамай
тұрғанына көз жеткізіңіз. Машинаның
қабырғаға немесе жиһаздарға тимей
тұрғанына көз жеткізіңіз. Кір жуғыш
машинаны алдыңғы екі тірегін көтеру
не төмен түсіру арқылы реттеп
қойыңыз. Қажет болса, деңгейді
ватерпас көмегімен тексеріп көріңіз.
Қажетті түзетулерді гайка кілтінің
көмегімен жүзеге асыруға болады.
Құрылғыны дұрыс тіктеп орнатсаңыз
діріл, шуылдың пайда болуына және
машина жұмыс істеп тұрған кезде
орнынан жылжып кетуге жол
бермейсіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Еден тегіс болмаса, оны
түзету үшін машинаның
астына ешқашан ағаш
текше, сынама тақта не
кішкене заттарды
қоймаңыз.
3.4 Су құятын түтік
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны суық
сумен жабдықтау
жүйесіне қосу қажет.
1. Машинамен бірге жеткізілген су
құятын түтікті 3/4" резьбасы бар
шүмекке жалғаңыз. Әрқашан
құрылғымен бірге жеткізілген түтікті
пайдаланыңыз.
Машинаны су
жүйесіне жалғау үшін
бұрынғы машинадан
қалған түтікті
пайдаланбаңыз.
2. Су құятын түтіктің машинаға
жалғанатын ұшын кез келген
бағытқа бұрауға болады. Дөңгелек
сомынды босату арқылы түтікті
дұрыстап орнатыңыз. Су құятын
түтікті орналастырғаннан кейін су
жылыстап ақпау үшін, дөңгелек
сомынды қатайтып бұраңыз.
Су құятын түтікті ұзартуға болмайды.
Егер ол тым қысқа болса және су
шүмегін орнынан жылжытқыңыз
келмесе, осындай қосылымға
арналған жаңа, әрі ұзын түтік сатып
алу қажет.
www.electrolux.com8
Commentaires sur ces manuels