
Тұмшапеш функциясы Қолдану
Дәстүрлі пісіру
Тұмшапештің бір деңгейінде пісіру және қуыру үшін.
Үстіңгі және астыңғы қыздыру элементтері бір
уақытта жұмыс істейді.
Гриль жасау
Жайпақ тағамдарды сөренің ортасында қақтауға
арналған. Тост жасауға арналған.
Турбо гриль
Еттің үлкен кесектерін пісіруге арналған. Қақтау
элементі мен тұмшапештің желдеткіші бірінен кейін
бірі іске қосылып, тағамды айналдыра ыстық ауа
жібереді.
Пицца параметрі
Пицца, киш немесе бәліш пісіруге арналған.
Тұмшапештің температурасын дәстүрлі пісіру
температурасынан 20-40 °C градусқа азайтыңыз.
Жылдам гриль жасау
Жалпақ етіп дайындалған тағамдарды көп мөлшерде
қақтауға арналған. Тост жасауға арналған. Бүтін
қақтама элементі жұмыс істейді.
Астыңғы қызу
Торттардың астыңғы жағын күртілдек немесе
қытырлақ етіп пісіру үшін. Астыңғы қыздыру элементі
ғана жұмыс істейді.
Жылы ұстау Тағамды жылы күйде ұстауға арналған.
Жібіту
Мұздатылған тағамды жібітуге арналған. Крем
толтырылған пирог, безендірілген торт, кондитер
өнімдері, нан және басқа да ашытқыдан жасалған
тағамды жібітуге сай келетін функция.
Құрғату
Туралған жемістерді (мысалы, алма, қара өрік,
шабдалы) және көкөністерді (мысалы, қызанақ, кәді,
саңырауқұлақ) кептіруге арналған.
Пиролитпен тазалау
Пешті тазалауға арналған. Жоғары температура
қоқыстарды күйдіріп тазалайды. Оларды құрылғы
суығаннан кейін шүберекпен тазалап аласыз.
8.3 Тұмшапеш функциясын орнату
1
2
1.
Құрылғыны іске қосыңыз.
2.
түймешігін тұмшапештің қажетті
функциясының белгісі жыпылықтағанша
қайта-қайта басыңыз.
Бейнебетте әдепкі температура
көрсетіледі. Егер температураны
шамамен 5 секунд ішінде өзгертпесеңіз,
құрылғы жұмыс істей бастайды.
3.
Температураны өзгерту үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
8.4 Температураны өзгерту
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
температураны өзгерту үшін:
1.
түймешігін басыңыз. ° белгісі
жыпылықтайды.
2. Температураны өзгерту үшін + немесе -
түймешігін басыңыз.
50
www.electrolux.com
Commentaires sur ces manuels