
11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Металл беттерді әдетте қолданылатын
жуғыш заттармен тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін әр пайдаланып болған
сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, әрі күйіп кетуіне
жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы
пеш тазалағыштармен тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарын әр
қолданып болған сайын тазалап, құрғатып
отырыңыз. Шүберекті, жылы су мен жуғыш
затты пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс
жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл жөкемен
ғана тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе түрпілі
материалдарды қолданбаңыз, себебі
бұндай заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін. Тұмшапештің
басқару панелін де осы сақтық
шараларын орындап тазалаңыз.
11.1 Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын!
Құрылғы қатты қызып кетеді. Күйіп
қалу қатері бар.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пиролитпен тазалау функциясы
орындалып тұрған кезде пештің үстін
қолданбаңыз. Себебі құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
1.
Құрылғыдан алмалы сөре
сырғытпаларын (егер бар болса) және
керек-жарақтарды алыңыз. "Сөре
сырғытпаларын алу" тарауын қараңыз.
Сақтандыру туралы ескерту!
Пиролитпен тазалау барысында сөре
сырғытпаларын құрылғының ішінде
қалдырмаңыз. Ақау пайда болуы
мүмкін.
2.
Қатып қалған қоқысты қолмен тазалаңыз.
3.
Тұмшапештің есігін толық жабыңыз.
Егер тұмшапештің есігін жаппасаңыз,
пиролитпен тазалау функциясы
басталмайды.
4.
түймешігін бейнебетте
көрсетілгенше қайта-қайта басыңыз.
–
Бейнебетте P1 және
бірінен кейін
бірі көрсетіледі.
– Сағат бейнебетінде 1:30 көрсетіледі.
–
Ұзақтық параметрі
жыпылықтайды.
5.
жыпылықтаған кезде, қажетті үрдісті
таңдау үшін + немесе - түймешігін
басыңыз:
• P1 - егер тұмшапеш қатты лас
болмаса. Бұл функция 1 сағат 30
минутқа созылады.
• P2 - егер тұмшапеш қатты лас болса.
Бұл функция 2 сағат 30 минутқа
созылады.
6.
Функцияны бастау үшін түймешігін
басыңыз.
белгішесіндегі жолақтар бірінен кейін
бірі пайда болып, құрылғыдағы
температураның артып келе жатқанын
көрсетеді.
Бірнеше минуттан кейін есік бекітіледі.
Бейнебетте белгісі көрсетіледі.
Пиролитпен тазалау аяқталғаннан кейін
бейнебетте тәулік уақыты көрсетіледі.
Тұмшапештің есігі құлыпталған қалпы тұрады.
Құрылғы қайта суыған кезде дыбыстық сигнал
естіліп, есіктің бекітпесі ағытылады.
Пиролитпен тазалау функциясын
аяқталмай тұрып тоқтату үшін
түймешігін басыңыз.
ҚАЗАҚ 67
Commentaires sur ces manuels