Electrolux EOB68200X Livre de recettes Page 15

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 14
қуыратын табаға қалған зәйтүн майын
құйыңыз.
Еттің сөліне 250 мл шарап қосып, табаға
құйып араластырыңыз да, кәстрөлге
құйып, шамалы уақыт баяу қайнатыңыз.
250 мл ет сорпасын құйып, ақжелкен,
тасшөп, орегано мен туралған
қызанақты қосыңыз. Тұз бен бұрыш
салып дәмдеңіз. Содан кейін қайтадан
қайнатыңыз.
Көкөністі табаға салыңыз да, үстіне етті
қосып, тұздықты құйыңыз. Табаның
қақпағын жабыңыз да, тұмшапештің
ішіне қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 120 минут
Пеш деңгейі: 1
Stuffed Veal Breast
Құрамы:
1 тоқаш
•1 жұмыртқа
200 г тартылған ет
•тұз, бұрыш
1 пияз, туралған
ақжелкен, туралған
1 кг бұзаудың төс еті (тілінген қуысы
бар)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты
пияз, балдыркөк, ақжелкен)
•50 г бекон
250 мл су
Дайындау әдісі:
Тоқашты суға жібітіп, содан кейін суын
сығып тастаңыз. Содан кейін жұмыртқа,
тартылған ет, тұз, бұрыш, туралған пияз
бен ақжелкенді араластырыңыз.
Бұзаудың төс етіне (тілінген қуысына)
дәмдеуіш жағыңыз да, қуыстың ішіне етті
тығыңыз. Содан кейін қуысты тігіп
тастаңыз.
Бұзаудың төс етін табаға салып, сорпаға
қосатын көкөністерді, беконды қосыңыз
да, су құйыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 100 минут
Пеш деңгейі: 1
Meat Loaf
Құрамы:
2 кепкен тоқаш
•1 пияз
3 ас қасық туралған ақжелкен
750 г тартылған ет (сиыр еті мен
шошқа еті аралас)
•2 жұмыртқа
тұз, бұрыш және паприка
беконның жұқа тілімдері
Дайындау әдісі:
Кепкен тоқашты суға жібітіп, содан кейін
суын сығып тастаңыз. Пияздың қабығын
аршыңыз да, ұсақтап тураңыз, сосын
оны бұқтырып, туралған ақжелкен
қосыңыз.
Тартылған етті, жұмыртқаны, сығылған
тоқаш пен пиязды қосып
араластырыңыз. Тұз, бұрыш және
паприка қосып дәмдеңіз, табаға салыңыз
да, үстіне беконның жұқа тілімдерін
салыңыз. Аздаған су құйып,
тұмшапештің ішіне қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 70 минут
–Пеш деңгейі: 1
Beef/Game/Lamb
Top Side Beef
Параметрлер:
Автоматты ет сүңгісі. Төмендегілердің
ішкі температурасы:
Шала қуырылған - 50 °C
Орташа қуырылған - 65 °C
Жақсы қуырылған - 70 °C
Дайындау әдісі:
Етті татымына қарай дәмдеңіз де, ет
сүңгісін сұғып, ыстыққа төзімді табаққа
салыңыз.
Scandinavian Beef
Параметрлер:
Автоматты ет сүңгісі. Төмендегілердің
ішкі температурасы:
Шала қуырылған - 50 °C
Орташа қуырылған - 65 °C
Жақсы қуырылған - 70 °C
Дайындау әдісі:
Етті татымына қарай дәмдеңіз де, ет
сүңгісін сұғып, ыстыққа төзімді табаққа
салыңыз.
Roast Beef
Параметрлер:
Автоматты салмақ. 1000 және 3000 г
арасындағы салмаққа арналған
параметр ауқымы
Дайындау әдісі:
electrolux 15
Vue de la page 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire