Electrolux EOB68200X Livre de recettes Page 25

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 24
Содан кейін қамырды май жағылған
дөңгелек торт қалбырына салып, бетін
жауыбыңыз да, қайта көтерілуі үшін 45
минутқа қалдырыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 35 минут
Пеш деңгейі: 1
Пісіргеннен кейін:
Су мен қантты бір қайнатып алып,
суытып қойыңыз.
Алхоры брендиін немесе апельсин
ликерін қантты суға қосып
араластырыңыз.
Торт суыған кезде, оны ағаш пышақпен
бірнеше рет тесіңіз де, қоспаның тортқа
біркелкі сіңуіне мүмкіндік беріңіз.
Brownies
Құрамы:
250 г қоспасыз шоколад
250 г сары май
375 г қант
2 қапшық ванильді қант
•1 шөкім тұз
5 ас қасық су
•5 жұмыртқа
375 г грек жаңғағы
250 г ұн
1 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Дайындау әдісі:
Шоколадты үлкен кесектерге бөліңіз де,
бу қасқанда ерітіңіз.
Сары май, қант, ванильді қант, тұз бен
суды араластырып, жұмыртқа мен еріген
шоколадты қосыңыз.
Грек жаңғағын ірілеп тураңыз, ұнмен
және қопсытқыш ұнтақпен
араластырыңыз да, шоколад қоспасына
қосыңыз.
Шұңғыл пісірме табаққа пергамент
қағазын жайыңыз, үстіне қоспаны салып,
тегістеңіз.
Пеш ішіндегі уақыты: 50 минут
Пеш деңгейі: 3
Пісіргеннен кейін:
Суытып қойыңыз, пергамент қағазды
алыңыз да, шаршылап кесіңіз.
Muffins
Құрамы:
150 г сары май
150 г қант
11 қапшық ванильді қант
1 шөкім тұз
балауыз жағылмаған бір лимонның
жұмсағы
•2 жұмыртқа
50 мл сүт
25 г жүгері ұны
225 г ұн
10 г қопсытқыш ұнтақ
1 банка қышқыл шие (375 г)
225 г шоколад түйірлері
Басқа:
Қағаз қалыптар, диаметрі шамамен 7
см
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант, тұз және
балауыз жағылмаған бір лимон
жұмсағын бірге араластырыңыз.
Жұмыртқаны қосыңыз да, қайтадан
шайқаңыз.
Жүгері ұны, ұн және қопсытқыш ұнтақты
араластырыңыз да, сүтпен
араластырыңыз.
Қышқыл шиені сорғытыңыз да, шоколад
түйіршіктерін қосып араластырыңыз.
Қоспаны қағаз қалыптарға салып,
қалыптарды пісірме табаққа
орналастырыңыз да, пешке қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 35 минут
–Пеш деңгейі: 3
Sweet Tart
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы
қамырдың (шаршылап жайылған) 2
жаймасы
50 г жер жаңғағы
1,2 кг алма
•3 жұмыртқа
300 мл кілегей
70 г қант
Дайындау әдісі:
Қатпарлы қамырды май мол жағылған
пісірме табаққа қойыңыз да,
шанышқымен түгел тесіп шығыңыз. Жер
жаңғағын қатпарлы қамырдың үстіне
таратып салыңыз. Алманың қабығын
аршып, өзегін алыңыз да, 12 бөлікке
кесіңіз. Тілімдерді қатпарлы қамырдың
үстінен біркелкі етіп салыңыз. Жұмыртқа,
кілегей, қант және ванильді қантты
қосып, жақсылап араластырыңыз да,
алманың үстіне салыңыз.
electrolux 25
Vue de la page 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire