Electrolux EOB68200X Livre de recettes Page 14

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 13
1,5 кг торайдың қол омыртқасы,
терісімен бірге
•тұз
•бұрыш
2 ас қасық зәйтүн майы
150 г жіңішке туралған балдыркөк
1 қияқты пияз, туралған
1 шағын қалбырдағы ұсақтап туралған
қызанақ
250 мл кілегей
2 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жаншылған
балғын розмарин мен тасшөп
Дайындау әдісі:
Торайдың терісін өткір пышақпен ромб
тәрізді қиықтап кесіңіз. Тұз бен бұрыш
себіңіз де, барлық жағы қызарғанша
зәйтүн майы құйылған табаға қуырыңыз,
содан кейін алып шығыңыз. Хош иісті
балдыркөк пен пиязды аздаған май
құйып табаға салыңыз, содан кейін
қызанақ, кілегей, сарымсақты, розмарин
мен тасшөпті қосыңыз, барлығын
араластырып, қол омыртқаның үстінен
құйыңыз. Пешке салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 130 минут
Пеш деңгейі: 1
Roast Veal
Параметрлер:
Автоматты салмақ. 1000 және 3000 г
арасындағы салмаққа арналған
параметр ауқымы
Дайындау әдісі:
Етті татымына қарай дәмдеңіз де,
ыстыққа төзімді табаққа салыңыз.
Ыдыстың түбінен 10-20 мм асырып су
немесе басқа сұйықтық кұйыңыз.
Қақпағын жабыңыз.
Veal Knuckle
Құрамы:
Салмағы 1,5-2 кг 1 бұзау сирағы
4 кесек піскен шошқа еті
2 ас қасық өсімдік майы
1 шай қасық тұз
1 шай қасық хош иісті тәтті қызыл
бұрыш
1/2 шай қасық насыбайгүл
1 шағын қалбырдағы туралған
саңырауқұлақ
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты
пияз, балдыркөк, ақжелкен)
•су
Дайындау әдісі:
Бұзау сирағын бойлай 8 тілікті айнала
кесіп шығыңыз. Піскен шошқа етінің төрт
бөлігін екіге бөліңіз де, тіліктерге
салыңыз. Өсімдік майын, тұзды, қызыл
бұрыш пен насыбайгүлді қосып
араластырып, бұзау сирағына жағыңыз.
Бұзау сирағын қуыратын қалбырға
салыңыз да, үстіне саңырқұлақты
біркелкі таратып салыңыз. Көжеге
қосатын көкөністі бұзау сирағына
қосыңыз да, ыдыстың түбінен 10-15 мм
асырып су құйыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 160 минут
–Пеш деңгейі: 1
Ossobuco
Құрамы:
Қуыруға арналған 4 ас қасық сары май
Бұзау жіліншігінің 4 тілімі, қалыңдығы
3-4 см (сүйекке дейін тіліңіз)
Ұсақ текшелеп туралған 4 орташа
сәбіз
Ұсақ текшелеп туралған балдыркөктің
4 сабағы
Қабығы аршылып ортасынан бөлінген,
ортасы алынып, текшелеп туралған 1
кг қызанақ
Жуылған және ірі туралған 1 байлам
ақжелкен
4 ас қасық сары май
Үстінен жағылатын 2 ас қасық ұн
6 ас қасық зәйтүн майы
250 мл ақ шарап
250 мл ет сорпасы
Қабығы аршылып, ұсақтап туралған 3
орташа пияз
3 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жіңішкелеп тілінген
1/2 шай қасықтан тасшөп пен орегано
2 лавр жапырағы
2 қалампыр
•тұз, жаңадан үгітілген қара бұрыш
Дайындау әдісі:
4 ас қасық сары майды табада ерітіңіз
де, соған көкөністі жұмсартып алыңыз.
Қуыратын табадан көкөністі алыңыз.
Бұзау жіліншіктерінің тілімдерін жуып,
сорғытып, дәмдеуіштер қосыңыз даз,
ұнға аунатыңыз. Артық ұнды сілкіп
тастаңыз. Зәйтүн майын қыздырып, етті
орташа жанған отқа қызарғанша
қуырыңыз. Етті алып шығыңыз да,
14 electrolux
Vue de la page 13
1 2 ... 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire