Electrolux EOB68200X Livre de recettes Page 22

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 21
Қант, жұмыртқа, ванильді қант пен тұзды
араластырғыш шараға салып
көпіргенше 5 минут шайқаңыз. Содан
кейін қоспаға еріген сары май қосыңыз
да, араластырыңыз.
Қопсытқыш ұнтақ араласқан ұнды
шайқалған қоспамен араластырыңыз.
Соңында суық су қосып, барлығын
жақсылап араластырыңыз. Қоспаны
пісірме табаққа құйып, үстін тегістеңіз де,
пешке қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 55 минут
Пеш деңгейі: 1
Biscuit
Құрамы:
•4 жұмыртқа
2 ас қасық ыстық су
•50 г қант
1 қапшық ванильді қант
•1 шөкім тұз
100 г қант
100 г ұн
100 г жүгері ұны
2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Басқа:
28 см дөңгелек серіппелі пісірме табақ,
түбіне пергамент қағаз төселген қара
тәрелке
Дайындау әдісі:
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліңіз.
Жұмыртқаның сарысын ыстық су, 50 г
қант, ванильді қант және тұзбен
араластырып шайқаңыз. Жұмыртқаның
ағын 100 г қант қосып көлемі ұлғайғанша
шайқаңыз.
Ұн, жүгері ұнын және қопсытқыш ұнтақты
қосып елеңіз.
Жұмыртқаның ағы мен сарысын қосып,
еппен араластырыңыз. Содан кейін
ақырындап ұн қосып араластырыңыз.
Қоспаны пісірме табаққа құйып, үстін
тегістеңіз де, пешке қойыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 30 минут
Пеш деңгейі: 3
Cheese Cake
Дөңгелек торттың негізіне арналған
құраластар:
150 г ұн
•70 г қант
1 қапшық ванильді қант
•1 жұмыртқа
70 г жібіген сары май
Сүзбелі кремнің құраластары:
3 жұмыртқаның ағы
50 г мейіз
2 ас қасық ром
750 г майы аз кварк
3 жұмыртқаның сарысы
200 г қант
бір лимонның шырыны
200 г қаймақ
1 қапшық қайнатпа крем ұнтағы,
ваниль
Басқа:
Диаметрі 26 см қара түсті пісірме
табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ұнды шараға елеңіз. Қалған құрамдас
бөліктерді қосып, қол миксерімен
араластырыңыз. Содан кейін қоспаны
тоңазытқышқа 2 сағат қоя тұрыңыз.
Серіппелі пішінді табақтың майланған
түбіне қоспаның шамамен 2/3 бөлігін
жайып, шанышқымен бірнеше рет
тесіңіз.
Қалған қоспадан биіктігі шамамен 3 см
жиек жасаңыз.
Жұмыртқаның ағын қол миксерімен
көлемі ұлғайғанша шайқаңыз. Мейізді
жуып, жақсылап кептіріңіз, содан кейін
оған ром бүркіп, сіңгенше қоя тұрыңыз.
Майы аз кварк, жұмыртқаның сарысы,
лимон шырыны, қаймақ пен қайнатпа
крем ұнтағын араластырғыш шараға
салып, жақсылап араластырыңыз.
Соңында жұмыртқаның шайқалған ағы
мен мейізді кварк қоспасына еппен
қосыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 85 минут
–Пеш деңгейі: 1
Fruit Cake
Құрамы:
200 г сары май
200 г қант
1 қапшық ванильді қант
1 шөкім тұз
•3 жұмыртқа
300 г ұн
1/2 қапшық қопсытқыш ұнтақ
125 г қарақат
125 г мейіз
60 г ұсақталған бадам
60 г қантқа матырылған лимон қабығы
немесе қантқа матырылған апельсин
қабығы
22 electrolux
Vue de la page 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire