Electrolux EOB68200X Livre de recettes Page 30

  • Télécharger
  • Ajouter à mon manuel
  • Imprimer
  • Page
    / 36
  • Table des matières
  • MARQUE LIVRES
  • Noté. / 5. Basé sur avis des utilisateurs
Vue de la page 29
Тұз, бұрыш пен мускат жаңғағын салып,
қаймақтан қосыңыз.
Барлық сұйықтығы тартылғанша
бұқтыра беріңіз.
Жұмыртқаны суға пісіріп, суытыңыз да,
текшелеп тураңыз, содан кейін
қырыққабатпен араластырып, суытып
қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, диаметрі 8 см етіп
дөңгелектеп кесіңіз.
Әрқайсысының ортасына аздаған
толтырма салып, түйіңіз. Шеттерін
шанышқымен басып жабыстырыңыз.
Бәлішті пергамент қағаз төселген пірісме
табаққа салып, бетіне жұмыртқаның
сарысын жағыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 20 минут
Пеш деңгейі: 3
Casseroles/Gratins
Lasagne
Ет тұздығына арналған құраластар:
100 г таспалап туралған бекон
•1 пияз
•1 сәбіз
100 г балдыркөк
2 ас қасық зәйтүн майы
400 г тартылған ет (сиыр еті мен
шошқа еті аралас)
100 мл ет сорпасы
1 шағын қалбырдағы туралған қызанақ
(шамамен 400 г)
орегано, тасшөп, тұз және бұрыш
Бешамель тұздығына арналған
құраластар:
75 г сары май
•50 г ұн
500 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
3 ас қасық сары май
250 г жасыл лазанья
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
50 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Дайындау әдісі:
Өткір пышақпен беконды қыртысы мен
шеміршектен тазартып, ұсақ текшелеп
тураңыз. Пияз бен сәбізді аршып,
балдыркөкті тазалаңыз, көкөністің бәрін
ұсақтап тураңыз.
Кәстрөлге өсімдік майын қыздырып,
бекон мен туралған көкөністі араластыра
отырып қуырыңыз.
Туралған еттен біртіндеп қосып,
үзбестен араластырып қуырыңыз да, ет
сорпасын қосып сөлін алыңыз. Ет
сорпасына қызанақ езбесі, шөптер, тұз
бен бұрыш қосып, қақпақты жауып әлсіз
жанған отта шамамен 30 минут
қайнатыңыз.
Арасында бешамель тұздығын
дайындаңыз: Сары майды табада
ерітіңіз, ұн қосып, үзбестен араластыра
отырып, сарғылт тартқанша пісіріңіз.
Үзбей араластыра отырып біртіндеп сүт
құйыңыз. Тұздыққа тұз, бұрыш пен
мускат жаңғағын қосыңыз да, қақпағын
жаппай шамамен 10 минут қайнатыңыз.
Пешке төзімді төртбұрышты үлкен
ыдысты 1 ас қасық сары маймен
майлаңыз. Қабаттарын бірінен кейін
бірін келтіріп паста қамырын, ет
тұздығын, бешамель тұздығын және
араласқан ірімшікті ыдысқа салыңыз.
Ірімшік себілген бешамель тұздығының
қабаты соңғы қабат болуға тиіс. Қалған
сары майды ұсақ кесектерге бөліп,
тағамның үстінен салыңыз.
Пеш ішіндегі уақыты: 55 минут
–Пеш деңгейі: 1
Cannelloni
Толтырмаға арналған құраластар:
50 г туралған пияз
30 г сары май
350 г туралған шпинат жапырағы
100 г қаймақ
200 г текшелеп туралған жас албырт
балық еті
200 г текшелеп туралған Нил
алабұғасы
150 г асшаян
150 г мидия еті
•тұз, бұрыш
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
150 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Бешамель тұздығына арналған
құраластар:
75 г сары май
50 г ұн
500 мл сүт
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Төмендегілермен араластырыңыз:
1 қапшық каннеллони
50 г үгітілген пармезан ірімшігі
150 г үгітілген эмменталь ірімшігі
Дайындау әдісі:
30 electrolux
Vue de la page 29
1 2 ... 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36

Commentaires sur ces manuels

Pas de commentaire